Автомобильде өртті қалай тоқтатуға болады?
Әдетте, өрт өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін бұзудан, электр сымының тұйықталуынан, отын беру жүйесінен жылыстап аққанда, салонда темекі тартқаннан басталады.
Жүргізушілер өрт қаупін көбіне жете бағаламайды. Техникалық тексеру алдында басқа автоиеленуші жуық маңдағы автодүкенге немесе автомобиль аксессуарларын сататын киоскіге жүгіріп, сол бір арзан өрт сөндіргішті сатып алады. Басқалары басқаша істейді – техникалық тексеру кезінде гараж бойынша көршісінен қарызға алып тұрады. Адамдар қажет жағдайда өрт сөндіргіштің көмектесетіне диі сенбейді.
Осы скепсисте саналы дән бар. Шындығында, кез келген өрт сөндіргіш автомобильге жарай бермейді. Стандартты өрт сөндіргіштер үлкен болып келеді, оны өзіңмен бірге салонда алып жүре алмайсың. Иә-иә өрт сөндірушілер өрт сөндіргішті қол жеткізуге қиын болатын жүксалғышқа емес, кабинада, жүргізушіг тікелей жақын жерде салып жүруді ұсынады.
Кішкентай, шағын өрт сөндіргіштер маңызды көлемге ие емес, темекіні ғана сөндіре алады, бірақ автомобильді сөндіре алмайды.
Мәселені BONTEL құралын әзірлеушілер шешті. BONTEL ампуласының ықшам өлшеміне орай, жүргізуші оны бар болғаны тұтану ошағына граната сияқты лақтыра аласыз. Сөндіру заты тұтану ошағында тозаңданып, отты сөндіреді және жанған бетті үлбірмен жауып, қайта тұтануын болдырмайды.
Егер сіз үлкен ауданда өте маңызды өртену жағдайына ұшырасаңыз, мысалы, бірнеше автомобиль өртенсе, сіз әлі де болса бір BONTEL ампуласының көмегімен өртті тоқтата аласыз. Бірақ бұл жағдайда сізге 6%-дық өрт сөндіретін сұйықтық ерітіндісін жасау үшін 10 литр су табу керек. Осындай ерітіндімен сөндіру тиімділігі кәдімгі сумен салыстырғанда 20 есеге ұлғаяды.
BONTEL ампуласының бағасы қымбат болып көрінуі мүмкін: 6000 рубльге жуық. Бәрі өз орнына келеді, егер, мысалы, көбікті өрт сөндіргішті 3-5 жылда бір рет ауыстыру керек болса, ал BONTEL-ге кепілдік 1 жылға беріледі. Қарапайым есеп көрсеткендей, иесі ампулаға айына небары 50 рубль төлейді.
Ампуланы жүз пайыз сенімді ету үшін, ампулалар өңдеудің екі сатысыан өтеді: термиялық және лазерлік. Дайындаудың барлық кезеңдерінен соң ампулада бірде-бір микросызат қалмайды. Шыңдалған соң, BONTEL суықтан да, ыстықтан да қорықпайды: өрт сөндіргіш ең төмен температурада да жұмыс істейді — Цельсий бойынша минус 50-ден плюс 70 градусқа дейін.