Құрамдастырылған сөндіру қағидасы
Өрт сөндірушілер оттың оттегісін жапқанда және жаңа аудандарға немесе аумаққа таралуына мүмкіндік бермегенде, сөндірудің «көлемдік» тәсілін қолданады. Көбіне тұтану ошағына құяды немесе себеді – мұндай тәсіл «беткейлік» деп аталады.
Нарықта БОНТЕЛ өрт сөндіру құралдары пайда болғанда, жаңа термин – клімдік-беткейлік термин пайда болды. Оның басты ерекшелігі: өрт болған кезде сізге өрт сөндірушілерді шақырудың қажет жоқ. БОНТЕЛ сіз үшін қымбат болған заттардың көмір мен күлге айналуына жол бермейн, өз бетінше және санаулы минуттың ішінде өртті сөндіреді.
Өртпен күрестің кәдімгі «құралынан» айырмашылығы BONTEL өрт сөндіру құралдары бірден бірнеше бағытта әрекет етеді, сондықтан сізді және мүлкіңізді оттан сенімді қорғайды. Құпиясы – құрамдастырылған сөндіру тәсілінде.
Бұл қалай жұмыс істейді?
Кәдімгі жағдай: электр сымы жүктемені көтере алмайды, бөлменің төрттен бір бөлігін от шарпиды. Стандартты өрт сөндіру құралдарын пайдаланғанда, ірі зияннан құтыла алмайсыз. Бірақ сізде BONTEL өртке қарсы жабдығы орнатылған, оқиғалар былай өрбді:
— Шындығында, ыстық бола бастайды, температура қауіпті шамаға жетеді. BONTEL өрт сөндіру құрылғысы үшін осы сигнал жеткілікті: олар «оянып», жұмыс істей бастайды. Мысалы, BONTEL сұйықтығы бар өрт сөндіру ампулаларында реакция басталып, қысым өседі, сұйықтық температурасы 90 °С-ге жеткенде, ампула сынып, ішіндегісі өрт ошағының үстінде тозаңданады. Егер сізде өрт сөндіру жүйесі орнатылған болса, оның сенсорлары іске қосылып, қабырғалар мен төбелер бойлап тартылған түтіктен өрт сөндіретін сұйықтық—BONTEL арнайы заты тозаңданады. Құрылғы өрт сигналы жүйесімен байланыста қосыла алады: мәселен, BONTEL аспалы модулы іске қосылуы мүмкін.
— Қызған соң, сұйықтықтың бөлігі буланады — газға айналып, оттегіні ығыстыра бастайды. Оттың «тамағын» алып қойып, оны сөнуге мәжбүрлейді. Айтпақшы, бұл дегеніміз бөлме-жайда адамдар қалып қойса — газ оттегіні тұтас ығыстырмайды, ауа адмның тыныс алуына жеткілікті болады.
— Бүкіл сұйықтық буланбайды — оның негізгі массасы бөлме-жайға шашырап, ыстық беткейге келіп түседі. Осы сәтте таңғаларлық жағдай болады: өрт сөндіретін зат сұйықтықтан үлбірге айналады, үлбір отты жауып, оның тозаңын суытады. От қайта тұтанбайды: үлбір бүкіл бықсыған ошақты жабады.
Таңғаларлық сұйықтықтың қасиеттері
- Адамға, қоршаған орта мен техникаға ешбір зиян келмейді.
Өрттен кейін бр тәуліктен соң сіз мүлкіңзде ірі зияннан құтқарып қалған үлбір іздерін таппайсыз. Үлбір жойылып кетеді.
Құпиясы BONTEL өрт сөндіру құрамын органикалық материалдан жасаймыз, сондықтан сөндірілген беткейдегі үлбір қысқа уақытқа ыдырайды.
Өрттің тағы бір жағымсыз салдары — түтіндеуден кейін беткейге отыратын ыс, бықсық, және күйе. BONTEL-мен бәрі басқаша — ол түтіннің затқа отыруына мүмкіндік бермейді: сөндіретін зат ұсақ тамшылар түрінде тозаңдап, «сулы тұман» құрайды.
Осы қасиеттеріне орай біздің өрт сөндіру жүйелеріміз алуан түрлі бөлме-жайлар үшін – дүкен, қойма және цехтардан бастап, аурухана, балабақша, мектеп, кеңсе және адам көп жиналатын басқа жерлерге дейін жарамды.
- Тек қана озық технологиялар
Біз өз өрт сөндіру жүйелерімізде тек қана жоғары сапалы материалдар мен соңғы ғылыми әзірлемелерді пайдаланамыз.
Біз өз өнімімізді тұрақты жетілдіріп отырамыз. Мысалы, суландырғыштағы кішігірім техникалық өзгерістерге орай – аспалы өрт сөндіргіштердегі тозаңдатуға жауап беретін бөлшектер — өрт сөндіргіштер мен BONTEL ампулалары бұрынғыға қарағанда едәуір кең ауданды сөндіре алады.
Біз адам мен оттың қатнасында жаңа дәуір басталғанын хабарлаймыз. Осы дәуірде адам күшті болып шығады!