Өрт сөндіргіш ампула – дербес қауіпсіздік.

02.04.2026
BONTEL өртке қарсы ампуласы — біздің компанияның ең танымал өнімі. Біз неліктен екенін білеміз.
Өрт сөндіргіш ампула – дербес қауіпсіздік.

1. BONTEL ампуласы алуан түрлі бөлме-жайларда өрт қауіпсіздігі мәселесін шешеді.

Қаладағы пәтерде немесе қла маңындағы үйде, кеңседе, цехта, серверлік немесе тауар қоймасында — BONTEL ампулалары қауіпті жеңеді. Небары мақсатты анықтаса болғаны:

Айталық, сіздің үйіңізде немесе жұмысыңызда өрт сөндірушілер айтатын «әлеуетті тұтану көзі» бар делік. Бұл саяжай үйіндегі камин немесе кәсіпорында жанатын қоспаларды сақтайтын орын болуы мүмкін. Бұл жағдайда сізге ампуланы төбеге немесе қабырғаға қауіп көзінің үстіне орналастыру жеткілікті. Өрт сөндірушілер бөлме-жайдан шығатын жерге жақын және эвакуация жолдарына орнатуды ұсынады.

Егер белгілі бір қауіп көзі болмаса, сіз бүкіл бөлмені қорғап қалғыңыз келмесе, бірнеше ампуланы пайдалануды ұсынамыз. Бір ампула 8 текше метрге дейінгі кеңістікті қорғайтынына назар аударыңыз. Аудан/көлем неғұрлым үлкен болса, соғұрлым үлкен ампула қажет болады. Үлкен бөлмелер үшін аспалы модульдерді немесе өрт сөндіру жүйесін орнатуды ұсынамыз.

 

2. BONTEL ампуласы 100% жағдайда іске қосылады.

Ұнтақтық өрт сөндіргіштер оларға сенуге болмайтындығымен «әйгілі» — егер баллонның ішінде нығыздалған ұнтақ болса, сіз өртті сөндіре алмайсыз. BONTEL-дің сөніру қағидасы туралы толығырақ

BONTEL өрт сөндіру құралын пайдаланудың барлық кезінде қауіпті жағдайларда жабдық бірде-бір рет істен шықпаған – бұл бізге ONTEL-ді сенімді деп айтуға құқық береді.

 

3. BONTEL ампуласы мүлікті бүлдірмейді.

Өрт кезінде ампула оттың сіздің үйіңізге, кеңсеңізге немесе өндіріске зиян келтіруін күтіп отырмайды. BONTEL өртті ерте сатысында алдын алады: өрт сөндіретін сұйықтық ампуладан шығып, ішінара газ тәрізді күйге көшеді (газ басқа заттарға қарағанда отты тез сөндіреді), ішінара үлбірге айналып, тқтану ошағын және бықсыған аумақты жабады.

Өртті сөндіру жеткіліксіз. Кейде сөндіру салдарлары жақсы болмайды: әдетте, сумен, ұнтақпен немесе көмір қышқылымен «танысқан соң», жиһаз бен техниканы тастау керек болады. Ал BONTEL-ден зиян келмейді, мүлдем зиян жоқ: сөнген беттегі үлбір тез дырап, бықсықтың заттарға отыруына мүмкіндік бермейді.

 

4. BONTEL ампуласы қызмет көрсетуде қауіпсіз

Сіз ампуланы орнатып ол туралы кемінде 10 жылға ол туралы еске алмасаңыз болады — ол өз сапасын сақтайды және оған арнайы техникалық қызмет көрсету қажет емес. 10-12 жыл кепілдік мерзімі осыны растайды.

Ампула жарақатқа қауіпсіз шыныдан жасалған герметкалық шыны түтік болып келеді. Ампуланың ішінде – адамдардың денсаулығына қауіпсіз, көлемі 600 мл-лік BONTEL өрт сөндіру құрамы бар. Ампуланы өндіру үшін тек қана жоғары сапалы материалдар пайдаланылады.

Ампулалардың ықшам өлшемдері (диаметрі 60 мм және ұзындығы 28 см) аспалы төбелердің артына және фальшеденге орнатуға мүмкіндік береді – бұл электр сымының жасырын тұтануын қосымша қорғайды.

 

5. BONTEL ампуласы оңай орнатылады және жағымды дизайнға ие

Біз өз үйіңіздің жайлылығын бұзбауы және кеңсенің интерьеріне жақсы бейімделуі үшін, ампуланың сыртқы түріне ерекше көңіл бөлдік.

Ампуланы орнату үшін орнату қызметін шақырудың қажеті жоқ: оны өз бетінше оңай ілуге болады. Ампуланы белгілі бір жерге орнату міндетті емес. Шешуші кезеңде сіз оны граната сияқты лақтыра аласыз – оттың жануға мүмкіндігі болмайды.

Тізімге оралу