Автоматты түрде өрт сөндіретін қазіргі заманғы жүйелер

02.04.2026
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету ғимаратты пайдалану кезінде басты факторлардың бірі болып табылады. Бұл адамдар көп жиналатын жерде ерекше маңызды.
Автоматты түрде өрт сөндіретін қазіргі заманғы жүйелер

Осындай жерлерде өрт нормаларын сатамау трагедияға оңай әкеледі.

Қазіргі таңда өртен қорғау кешені өртке қарсы қауіпсіздік жүйесіне кіретін бірнеше әдістен тұрады. Осындай жүйелердің бірі автоматты түрде өрт сөндіру жүйесі болып табылады. Жүйе бөлмеде температура мен түтінденуді тұрақты бақылайтын, қажет жағдайда пайда болған өрт ошағын жоятын және сөндіретін техникалық құралдардың жинағын білдіреді. Автоматты өрт сөндіру жүйелері жеке өрт сөндіру модульдерінен тұрады, сенімді өрт сөндіруді қамтамасыз етуге тиіс модульдер іске қосылады. Сөйтіп, қалған кеңістік өрт сөніру кезінде зиян шекпейді. Осындай кең таралған жүйелердің бірі сумен өрт сөндіру болып келеді. Аты айтып тұрғандай, осында жүйелерде сөндіру сұйықтығы ретінде су пайдаланылады. Әрине, осындай жүйелерді орнату алдында өрт сөндіру жобасын жасау керек, жобада модульдердің, қадағалардың қажетті саны, тиімді болу үшін орналастырылуы есептеледі. Сумен өрт сөндіру жобасы қауіпті жағдайда су беру жағын да қарастырады. Автоматты түрде өрт сөндіру жүйелері өзінің негізгі рөлін атқара отырып, өртс сөндіру бөлімінің орталықтандырылған пультіне апат сигналын жібереді. Бірақ дербес өрт сөндіру жүйелері де бар. Мұндай жүйелер электр қуатына тәуелді емес, өрт болған жағдайда автоматты түрде іске қосылып, өте тиімді жұмыс істейді.

Алайда сөндіру үшін суды пайдалану тиімділігі жағынан арнайы сұйықтықтардан кем түседі. Осындай сұйықтықтардың бірі BONTEL құрамы болып табылады. Осы құрамның негізгі ерекшеліктері – экологиялық тазалық жәнежанатын материалдарда бықсудан қайта тұтануға жол бермейтін беттік үлбірдің пайда болуы. Осы қоспаның негізінде «БОНТЕЛ» компнаиясы түрлі өртке қарсы жабдықты әзірледі.

Тізімге оралу