Баллоннан өрт сөндіруші

02.04.2026
Бінеше жыл бұрын Словениядағы ауруханалардың бірінде болған ірі өрт туралы хабар бүкіл Еуропаны дүр сілкінтті. Бұл оқиға таңғаларлық бір жағдаймен есте қалды.
Баллоннан өрт сөндіруші

Бетпе-бет тұрған екі ғимараттың тек біреуі ғана толық жанып кетті, ал екіншісі қол тимеген күйінде қалып қойды. Алғашқыда «аномалия» себебін ешкім түсіне қоймады. Бірақ көп ұзамай жақында ғана жөндеуден өткен аман қалған корпус автоматты өрт сөндіргіштермен — BONTEL ампулаларымен жабдықталғаны анықталды. Мұндай оқиғаларды көптеп келтіруге болады, оларың барлығы BONTEL құрылғысының тоқтаусыз жұмыс істейтіндігі және кез келген жағдайда мүлік пен адам өмірін сақтап қалатындығы туралы.

 

Жуырдаға ғана Мәскеуде астаналық ҚІІБ өртке қарсы қызметі барлық мәскеуліктерді үйлерінде өрт сөндіргіштер ұстауға міндеттемекші деген хабар тарады. Жалпы алғанда, таңғаларлы ештеңе жоқ, автоәуесқойлар баяғыдан жүксалғыштарында өрт сөндіргіштерді ұстауға міндеттелді емес пе, өз үйіңді неге қорғамасқа? Алайда, күмәншілдер байыпты сұрақтар қоя бастады. Айталық, өрт сөндіргішті сатып алдық делік. Тыныштануға бола ма? Жоқ! Өрт көбіне иелері ұйықтап жатқан кезде болады, біз ұйықтап жатқан кезде, түтін иісін сезбейміз. Өртті ерте сатысында қалай анықтауға болады? Өрт біз үйде жоқ кезде болса ше?

Сіз дербес өрт хабарлағышты қойсаңыз да, «икс» сағатта ұялы телефоныңызға хабарлама алсаңыз да, өрт сөндірушілер командасы келген кезде құтқаратын ешнәрсе қалмайды деген қорқыныштан сақтандырмайды. Егер жалын жайлаған болса, өрт сөндіргіш көмектесе алмайды.

Басқа бір сұрақ: өрт сөндіргішті барлық адам пайдалана ала ма? Жалғыз басты кемпірді еске түсіріңізші – ол өртті сөндірмек түгіл, баллонды да көтере алмайды, өртті сөндіре алмайды.

 

Кішкентай, бірақ күшті

 

Жоғарыда айтылған ескертпелер әділетті. Бірақ ... қазір маңызды емес: барлық осы мәселелерді жаңа буындағы өрт сөндіру құралдарын өндірушілер шешіп қойған. Олардың арасындағы флагман— BONTEL өрт сөндіргіштері, олардың ең танымал моделі, төбеге немесе қабырғаға бекітілетін арнайы өрт сөндіретін ампула.

Егер осындай ампуланың қасында тұтану ошағы пайда болса, автоматты қорғау жүйесі іске қосылады. Бөлме-жайда температура көтерілген кезде, ыдыстың ішінде қысым ұлғая түседі. Ерітіндінің температурасы 90 °С-ге жеткенде, ампула сынып, ішіндегісі өрт ошағының үстінде тозаңданады.

Сөндіру құралы жалынның үстінде тозаңданады, бір мезгілде оттегіні жану аймағынан ығыстырып шығарады. Сонымен қатар жанып тұрған бетте BONTEL құралы оттегінің келіп түсуіне және қайта тұтануға кедергі жасайтын жұқа үлбір қабаты пайда болады.

Өрт тоқтатылды. Сөндіру басталғаннан аяқталғанға дейін небары 45 секунд өтті.

 

Өрт сөндіргіштерде барлығы әдемі болуы тиіс.

 

Сырттай қарағанда BONTEL ампуласы өрт сөндіргішке ұқсамайды — оны қабырғадан көрген кезіңізде, не қызмет атқаратынын бірден біле қоймайсыз. Шамасы, сіз оны бұрын әлдебір кеңседе немесе май құю станциясында көрген болуыңыз мүмкін. Ресейде BONTEL дербес өрт сөндіру жүйесі қазірдің өзінде өндірісте белсенді пайдаланылып келеді: арнайы техникадан бастап электр станцияларына дейін.

Соңғы уақытта ампулаларды, аспалы модульдерді және басқа да BONTEL құралдарын тұрғын бөлме-жайлардан – пәтерлерден және қала сыртындағы үйлерден көруге болады. Олар сонымен қатар автокөлік иелерінде де кеңінен таралған, олар ампулаларды машиналар үшін ғана емес, сондай-ақ гараждар үшін де сатып алады.

Шағын, ықшам ампула — оны кез келген бөлме-жайда кронштейндерге оңай орнатуға болады: ас үйде, жатын бөлмеде, кіре беріс бөлмеде, электр аспаптары мен розеткалардың үстіне орнатуға болады.

Тамаша дизайн мен түстердің кең таңдауы BONTEL ампуласын кез келген интерьерде орналастыруға мүмкіндік береді, ал сыртқы қорек көзінің және техникалық қызмет көрсету қажеттілігінің болмауы өрт сөндіргішті кез келген жерде орналастыруға мүмкіндік береді. Ампуланы мамандардың орнатуы қажет болғанымен, оны өз бетінше де орнатуға болады.

Содан кейін сіз 10 жыл бойы өрт қауіпсіздігін ойлап мазасынданбасаңыз да болады – өндіруші осындай мерзімге кепілдік береді.

Тізімге оралу