Модуль-өрт сөндіргішін таңдаймыз

02.04.2026
Біздің көз алдымызда өрт сөндіруге арналған жаңа буын құралдары — BONTEL аспалы модульдері барған сайын кең танымал болып келеді.
Модуль-өрт сөндіргішін таңдаймыз

Модульдердің кәдімгі сөндіргіштерден айырмашылығы неде?

Ең бастысы: BONTEL модулдері өздерін біреудің іске қосуын, жалынның жайлуын күтіп отырмайды. Модульдер бөлме температурасы күрт көтерілгенде автоматты түрде іске қосылып, өр сөндіргіш өрттің басталғанын өз бетінше анықтайды. Қажет болғна жағдайда, модульдерді басқа тәсілдермен де қосуға болады — бұл туралы төменде.

BONTEL-дің барлық өнімдері сияқты, аспалы өнімдер сөндіру сапасымен де ерекшеленеді: олардың жұмыс істеу тиімділігі дәстүрлі құралдарға, сондай-ақ, мысалы, сулы тұманмен өрт мөндіретін балама аспалы модульдерге қарағанда, анағұрлым жоғары.

 

BONTEL несімен жақсы?

Кәдімгі өрт сөндіргіштер отты сөндіргенімен, қайта тұтануының алдын алады. Отты сөндіру жеткіліксіз, сондықтан от «тірілуі» мүмкін — көбіне өрт сөндірілген соң ең төмен температураның өзінде қайта тұтанып жатады. Мысалы, бұл жағдай металл натриймен орын алады, ол бастапқыда 300–350°С-де тұтанады. Жану өнімдерін тазалаған кезде өрттен кейінгі келесі күні 70–120°С-де қайта тұтанған жағдайлар белгілі. Мұндай жағдай алуан түрлі жанатын материалдар өртенген кезде байқалады.

BONTEL арнайы өрт сөндіргіш құрамы мұндай жағдайлардың алдын алады, ол модульдерде, сондай-ақ біздің компанияның қалған өрт сөндіруші құралдарында қолданылады. Жанып тұрған беткейге түскенде, бұл зат сұйық жағдайдан үлбірге айналады. Үлбір отты «тұтқынға» алады – сөндіріп қана қоймайды, сондай-ақ қайта жануға және жаңа аумақтарды қармауға кедергі келтіреді. Бір мезгілде заттың басқа бөлігі газ тәрізді күйге өтіп, оттегіні жану аумағынан ығыстырады. BONTEL әдісінің — өрт сөндірушілердің кәсіби тілімен айтқанда, құрамдастырыған, көлемдік-беткейлік сөнудің маңызы осында.

 

Модуль қалай іске қосылады?

Бірнеше тәсілі бар:

 

  • Бөлме-жайдағы температура в 57-182оС-ге жеткенде дербес қосылады (сіз осы диапазонда іске қосылу шегін таңдай аласыз). Шектік мәнге жеткен кезде, модульдің ішіндегі қысым өзгереді, қысым индикаторы бұл туралы жүйеге хабарлайды. Осы кезеңде «жылу құлпы» бұзылады, өрт сөндіретін сұйықтық қысыммен суарғыш арқылы өрт ошағының үстінде тозаңданады.
  • Өрт хабарлағыштан сигнал алған кезде — BONTEL модулдері өрт сиганлымен бірге жұмыс істей алады.
  • Қолмен іске қосқанда.

 

 

Модуль қандай сыныптық модульді сөндіруге қабілетті?

BONTEL модульдері А (қатты жанатын заттар жанғанда), В (жанатын сұйықтықтар немесе балқитын қатты заттар жанғанда) және Е (кернеулі электр жабдыңы) сыныптық өрттерді сөндіре алады.

 

Осындай өрт сөндіргіштерді қандай бөлме-жайларда орнатуға рұқсат етілген?

Осы өрт сөндіргіштерді орнатуға рұқсат етілетін ғимараттардың тізбесін өртке қарсы қорғаныс жүйелері туралы ережелер жинағынан табуға болады. Бұл едәуір ұзын тізім — кітапханадан, концерт залдарынан, дүкендерден, қонақ үйлер мен ауруханалардан бастап қоймалар мен өндірістік бөлме-жйларға дейін. Сонымен қатар модульдерді автотұрақтар мен АЖҚС-да, кабельдік құрылыстарда, авиациялық үңгірлерде және басқа да жерлерде орнатуға рұқсат етілген.

 

Модульдер қалай ерекшеленеді?

Көлімімен. BONTEL модульдерінің желісіне 2-ден 16 литрге дейінгі баллондар қатары кіреді.

 

Модульдің қандай түрі маған лайық екенін қалай анықтауға болады?

Сіздің қандай бөлме-жайды қорғауыңыз керек болғанына қарай: ауданы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым үлкен модуль қажет. Біздің техникалық амандарымыз сізге келіп, арнайы есепте бере алады.

 

Егер менің бөлме-жайым үлкен болса (мысалы, қойма), маған бірнеше модульді орнату керек пе әлде біреуі жете ме?

Бұл сіздің оттан қорғайтын жеріңізге байланысты. Егер сіздің бөлме-жайыңызда кішігірім тәуекел аймағы болса (мысалы, тұтануы мүмкін жабдық), оның үтіне модуль орнатудың өзі жеткілікті. Егер әуекел көзі белгілі болмаса, сізге бөлме-жайды тұтас қорғау қажет болса, онда модульдерді бүкіл аудан бойымен орналастыру керек. Айтпақшы, модульдердің кішігірім габариттеріне орай, оларды аспалы төбеге орнатуға болады – тозаңдату құрылғысы ғана көрініп тұрады.

Кез келген жағдайда кеңестен соң BONTEL мамандары модульдік құрылғыларды сіздің оттан қорғағыңыз келген аймақты аса тиімді суландыруды қамтамасыз ететіндей етіп орналастырып береді. Егер бөлме-жай үлкен болса, біз бірнеше модульді орнататын болсақ, модульдердің орналасуы шахмат немесе шаршы тәртібінде жобаланады. Егер сізде архив немесе сөелік сақтау қоймасы болса, сөрелердің ішін барынша тиімді суландыру үшін, модульдік құрылғыларды өту орындарына орнатқан жөн.

 

10 жыл қызмет атқару мерзімі ішінде модульдерге техникалық қызмет көрсету қажет пе?

Иә, мұны бірнеше жылда бір рет жасаған жөн. Бұл рәсім бірнеше минутты алады: маман тозаңдату құрылғысында қысым индикаторы бойынша қысымды тексереді.

 

Жақсы.Танымал компаниялар сіздердің модульдеріңізді пайдалана ма?

Сондықтан BONTEL өніміне ресейдің ірі кәсіпорындары сенім артады. BONTEL модульдері «Перекресток» және «Пятерочка» супермаркеттерінде, Мәскеу және Петербургтің метрополитендерінде, Ростелекомның орталық кеңсесінде, ХШЖК мен көптеген басқа объектілерде орнатылған.

Тізімге оралу