Өрт сөндіргішті қалай таңдау керек

02.04.2026
«Бұл басқалармен болатын нәрсе», — деп ойлайды көпшілігі өрт туралы естігенде. Өкінішке орай, бәрі біздің еркімізге байланысты емес, сондықтан салдарын жойғаннан гөрі, өрттің алдын алған жөн.
Өрт сөндіргішті қалай таңдау керек

Өз мүлкін өрттен қорғау үшін не істеу керек?

 

Бірінші болып — өрттен 100% сақтану мүмкін емес екенін мойындау керек. Келесі қадам — өрт сөндіргішті таңдау керек. Бұл алғаш қарағанда оңай көрінуі мүмкін: өртке қарсы құралдар нарығы көптеген нұсқаларды ұсынады, тиімді құралды табу оңай шаруа емес.

 

Неден таңдау керек?

 

Өз автомобиліміздің жүк салғышына салып жүретін өрт сөндіргіштерді «өрт «бұрыштарында» және поездардың вагондарында көріп үйреніп қалғанбыз, олар, әдетте, екі стандарттың біріне – ішіндегісіне қарай ұнтақтық және көмір қышқыл стандартына жатады.

Соңғы кезде BONTEL құралдары танымал болып келеді, олардың желісіне өрт сөндіргіштер де кіреді. Мұнда басқа құралдардан толық ерекшеленетін арнайы өрт сөндіру сұйықтығы қолданылады.

BONTEL өрт сөндіргіштерінің стандартты типтерден айырмашылығы неде? Оларды бірқатар параметрлер бойынша салыстырайық

 

Ұнтақтық өрт сөндіргішті алайық: ол жалынды тиімді өшіреді, бірақ қайта тұтанудан сақтандырмайды. Көмір қышқыл өрт сөндіргіштерді жасаушылар мұндай жағдайдың алдын алуға шешім қабылдады — ол жанып тұрған беткейді шынымен де сенімді суытады. Өз кезегінде BONTEL өрт сөндіргіштерінде жалынға тозаңдатылатын сұйықтық өте маңызды қасиетке ие: ол оты өшіріп және беткейді суытып қана қоймай, сондай-ақ жану аумағынан оттегіні ығыстырады. Бұл жағдайда сұйықтықтан пайда болған қорғаныш үлбірі қайта тұтанудың алдын алады.

 

Сонымен қатар өрт сөндіргіштерді таңдаған кезде, олардың барлығы ағашты, жанатын өнімдерді (мысалы, отын), кабель сымын және автомобиль дөңгелектерін сөндіруде тиімді бола бермейді. Осындай материалдарды сөндірудегі ең тиімді құрал BONTEL қолданатын құрамдастырылған сөндіру тәсілі болп келеді.

 

Өрт сөндіргіштерді электр тұтанғанда пайдалануға болады ма?

 

Электр өздігінен тұтанбайды. Әдетте, сым мен розетка жанады, оларды BONTEL көмегімен сөндіруге болады. Ал басқа сөндіргіштерді пайдаланып осыны жасау қауіпті. Өрт сөндіру ережелері мұндай жағдайда ұнтақтық және көмір қышқыл өрт сөндіргіштерді пайдалануға тыйым салады – олардың электр тогын өткізбейтін материалдан жасалған ұштықтары мен кең жеңдері статикалық электр зарядтарын тудыруы мүмкін.

 

Кішігірім бөлме-жайда, мысалы, пәтерде қолдануға болады ма?

 

Ұнтақтық өрт сөндіргіштерді ауданы шағын бөлме-жайларда пайдалануға болмайды. Бұл тозаңдату кезінде ұнтақтың көрінуді тым нашарлатуымен және тыныс алу органдарын тітіркендірумен байланысты. BONTEL заттары көмір қышқыл өрт сөндіргіштер сияқты шектеулерге ие емес.

 

Өрт сөндіргіш ешуіш сәтте істен шығуы мүмкін бе?

 

Иә, мұндай жағдай ұнтақтық өрт сөндіргіштермен жиі болады: олар өз сағатын күтіп отырған кезде, ішіндегі ұнтақ нығыздалған болуы мүмкін. Нәтижесі — адм жылайтын жағдай.

Көмір қышқыл өрт сөндіргіштің істен шығуы тқөмен болғанымен, солай болуы да мүмкін. Ал BONTEL өрт сөндіргішінде мұндай жағдай болмайды.

 

Осындай өрт сөндіргіштерді қолдану мүлікке үлкен зиян тигізе ме?

 

Өрт қорқынышты болса, оның салдарларды одан да қорқынышты — ұнтақтың өрт сөндіргішпен сөндірген соң еден жабынығ қабрға мен заттар қайнаған көбіктен бүлінеді. Көмірқышқыл модельдер оның қатты салқындауынан жабдыққа зиян тигізуі мүмкін. BONTEL-ден мүлдем зин келмейді: сөндірілген беттегі үлбір тез ыдырап, заттарға түтіннің отыруына мүмкіндік бермейді.

 

Экологиялық қауіпсіздігі және адам денсаулығына әсері қандай?

 

Ұнтақтылары қоршаған ора мен адам денсаулығына қауіпті, ол өкпе обырын тудыруы мүмкін екені анықталды. Көмі қышқылдысы жоғары қысымға орай үнемі қауіп тудырады. Бұл жағдайда оны өте сақтықпен пайдалану керек — қатты салқындау қаупі бар: осындай өрт сөндіргіштің кең жеңіндегі температура — 60 – 70 оС.

 

Өрт сөндіргіштердің тұрлі типтерін қалай сақтауға болады?

 

Өрт сөндіргіш — үнемі пайдалануға дайын болуы тиіс заттардың қатарына жатады. Ұнтақтылары ылғалға сезімтал: жоғарыда айтылғандай, ұнтақ нығыздалып қалуы және баллон жұмыс істемей қоюы мүмкін, ал көмір қышқылдылары — сыртқы температураға бейімделмейді: оларды температурасы 50 С-ге жеткен немесе асқан бөлме-жайда сақтауға болмайды. Сонымен қатар оларды жыл сайын тартып отыру керек. BONTEL құралдары сақтау талаптарына бейімделгіш.

 

Өрт сөндіргіштерді жоюға өойылатын талаптар қандай?

 

BONTEL өрт сөндіру затын арнайы жоюдың қажеті жоқ: ол биологиялық ыдырайтын материалдардан жасалған. Салыстырсақ, ұнтақтық өрт сөндіргіш ұнтақтың ұсақ дисперстік бөлшектеріне орай қиын жойылады.

 

Қолдан жасалғандары жиі кездесе ме?

 

Ұнтақтық және көмір ышқыл өрт сөндіргіштерді қолдан жасау оңай, әділетсіз өндірушілер мұны пайдаланады. BONTEL қолдан жасаудан жаңа технологиялармен (латентограммалармен) сенімді қорғалған және оған ресми өкілдер мен сенімді ұйымдар ғана қызмет көрсетеді.

Тізімге оралу