От стихиясына күшті кедергі – өрт сөндіру жүйелері
Әрине, төтенше жағдайды болжау қиын, сондықтан сапалы және түпкілікті дайындық кез келген өндірістің ажыралмас бөлігі болып табылады. Қазіргі таңда кез келген кәсіпорын немесе мекеме автоматты түрде өрт сөндіру модулімен қамтылуы тиіс. Адам өмірінде тез сынатын немесе тұтанатын электрлік техниканың көптеп пайда болуы көптеген ғимараттарды – тұрғын және өндірістік ғимараттарды арнайы өрт сөндіру жүйелерімен жабдықтауға міндеттеді.
Бөлмежайдың ауданына қарамай, автоматты түрде өрт сөндіру жүйесі ғимаратқа от қаупі төнген кезде бірден іске қосылады. Дер кезінде қарастырылған өрт қауіпсіздігі мен өрт сөндіргіштер сізге және сіздің қызметкерлеріңізге қауіпсіз жерде тұруға, сондай-ақ ғимараттың аман қалуына мүмкіндік береді. Бұл жүйе қауіп сигналын лезде іске қосып, төтенше жағдайдан сақтайды.
Қазіргі сәтте өрт сөндірудің бірнеше түрі бар: өте көп таралғаны ұнтақтық, газ және су сөндіргіштері. Әрбір түрдің бірнеше артықшылығы бар: ұнтақтық жүйе едәуір арзан, су жүйесі адамға қауіпсіз, газ жүйесінде мүлікке зиян келуі тәуекелі аз. Көзге көрініп тұрған жақсы жақтарынан кемшіліктері басым түседі. Ұнтақ беткейде қанап, мүлікке қайтымсыз зиян келтіреді, су жүйесі іске қосылғанда, бір сағат бойы су төгіліп, бүкіл ауданға зиян келеді. Газ жүйесі адам жоқ кезде ғана жұмыс істейді, газ өте қауіпті.
Осы өрт сөндіргіш жүйелерді атап көрсеткен кезде, тағы біреуін еске алу қажет. Бұл BONTELөрт сөндіретін органикалық сұйықтық негізіндегі инновациялық өрт сөндіру жүйесі.Қазіргі таңда BONTEL құрамының негізіндегі өнім мемлекеттік өрт қадағалау талаптарына сәйкес өрт сөндіру жүйесі қажет болатын муниципиалдық мекемелердің арасында, сондай-ақ кәдімгі автомобиль жүргізушілердің, үй шаруасындағы әйелдердің, кенеттен болатын өрттен қорғану сенімділігі қажет болған адамдардың арасында танымал болып келеді.